Қазақстандықтар 222 млрд теңгеге еуро сатып алған

1145

Аталмыш соманың тең жартысына жуығы Алматы қаласына тиесілі.

Қазақстандықтар 222 млрд теңгеге еуро сатып алған

Ranking.kz валюта нарығындағы еуроның сатылымына талдау жасады. Сайттың ақапаратына сенсек, жыл басынан бері қазақстандықтар 222 млр теңгеге "еуро" сатып алған.

Аталмыш соманың тең жартысына жуығы Алматы қаласына тиесілі.

"Өткен жылмен салыстырғанда еуроның сатылымы 59 пайызға артты. Былтыр бұл сипаттағы валюта айырбастау операциялары теңгенің қатысынсыз өткен. Еуро сатылымының артуы барлық өңірде байқалып отыр", – делінген сайттың ақпаратында.

Еуроодақ валютасы сұранысқа ие қалалардың тізімін Алматы  бастаса (109 млрд теңге), Нұр-Сұлтан қаласы 29,9 млрд теңгемен екінші орында тұр. Үшінші орынға 14,7 млрд теңгемен Қарағанды облыс жайғасқан.

Бұған дейін аталмыш валютаға аса көп сұраныс байқалмаған Ақмола облысында елеулі өсім бар. Бұл өңірде еуроның сатылымы өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 12,4 есе артып, 3 млрд теңгеге жеткен. Rаnking.kz-тің жазуынша,  еуроаға деген сұраныс Түркістан облысында мардымсыз болып отыр. Мұнда "таза сатылым" арқылы 280,3 млн теңгенің айырбасы жүрген.

"Соңғы 2 айда еуро сатылымы 40 млрд теңгелік межеден артып отыр. Шілде айындағы еуроның орташа бағамы 430,1 теңге болды. Бұл маусым айына қарағанда 0,1 пайызға арзан. Ал 2018 жылдың шілдесімен салыстырғанда 7,2 пайызға қымбат", – деп жазады Rаnking.kz.

Есімжан Нақтыбайұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу