Қазақстандықтар 30 млрд теңгеге өнім өндірген

593

Елдегі үй шаруашылықтарының басым бөлігі нан пісірген.

Қазақстандықтар 30 млрд теңгеге өнім өндірген Фото: nur.kz

2022 жылдың бірінші тоқсанында еліміздегі үй шаруашылықтары 29,9 млрд теңгеге өнім өндірген. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 3,1%-ға артық, деп жазады inbusiness.kz energyprom.kz-ке сілтеме жасап. 

Осылайша, өз тауарларын 1,2 млрд теңгеге, бұрын өндірілген өнімдерді 58,9 млн теңгеге сатқан.

Осы жылдың үш айында үй шаруашылықтарының өнім өндіруге жұмсаған шығын көлемі бір жылда 6,7%-ға, яғни 14,7 млрд теңгеге дейін өскен.

Еліміздің үй шаруашылықтары үш ай ішінде 8,7 млрд теңгеге нан өндірген. Алдыңғы жылмен салыстырғанда бұл 6,2%-ға артық.

Өндіріс көлемі бойынша үздік үштікке тоқаш өнімдері мен ұннан жасалған кондитерлік өнімдер (8 млрд тг), қаймақ және басқа да сүт өнімдері (5,1 млрд тг) кірген.

Бұдан бөлек, ел тұрғындары жануар майын (3,2 млрд тг), шұжықтар мен еттен жасалған өнімдерді (2 млрд) өндірген.

Республика бойынша өнімнің басым бөлігін Алматы облысының үй шаруашылықтары өндірген. Үштікке Түркістан мен Павлодар облыстары да кіреді. Өңірлік бөліністе Маңғыстау облысында өнім аз өндірілген.

Өндірістің 82,7%-ы немесе 24,7 млрд теңге ауылдық жерлерге тиесілі. Ал қалаларда барлығы 5,2 млрд теңгеге өнім өндірілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу