Қазақстандықтар 34,5 мыңнан аса ескі көлік өткізді

892

Қазақстандықтар 34,5 мыңнан аса ескі көлік өткізді

Ескі көліктерді қабылдау бағдарламасының басталғанына бір жыл болды.  Осы кезге дейін 34 605 жеңіл автокөлік жоюға қабылданып, көлігін тапсырған қазақстандықтарға 5 млрд 190 млн 750 мың теңге қаражат аударылыпты, деп хабарлайды egemen.kz.

Биыл 26 маусымнан бастап елімізде жеңіл және жүк көліктерін жоюға тапсырып, отандық авто­өндірушілерден су жаңа көлік сатып алуға жеңілдік берілетін сертификат бағдарламасы да іске қосылған еді. Мамандардың мәліметінше, сертификат бағдарламасы бойынша бүгінге дейін 4 494 автокөлік қабылданған. Табысталған сер­тификаттың 1710-ы отандық өн­дірушіден 930 автокөлік сатып алуға пайдаланды.

Сонымен қатар облыс орталығынан шалғайда жат­қан елді мекендерді қамту мақ­сатында арнайы жылжымалы мо­бильді бекет қызметі іске қосыл­ған. Мобильді бекет 30 қазан мен 21 қараша аралығында Қарағанды, Ақмола, Павлодар және Алматы облыстарындағы жеті бірдей елді мекенді аралап, 300-ден астам ескі автокөлікті қабылдады. Бағдарлама басталған күннен бері ӨКМ операторы бас-аяғы 39 099 автокөлік қабылдады.

Ескі көлігін жоюға тапсырған белсенді аймақтардың арасында Оңтүстік Қазақстан облысы көш бастап тұр. Одан кейін Қостанай мен Көкшетау қаласы үздік үштікте орналасқан. Жоюға ең көп тапсырылған көліктердің басым бөлігін кеңестік кезеңде шығарылған ("Жигули", "Москвич", "Волга" т.б.) көліктері құрайды. Олардың арасындағы ең көнесі 1946 жылы шыққан "Москвич" болса, ең жаңасы – 2014 жылы шығарылған "LADA-21901" көлігі. Дегенмен, өткізілген ескі техникалардың арасында шетелдік көліктер де аз емес. Ресми статистикаға сүйенсек, Қазақстанда 4 миллионға жуық жеңіл автокөлік тіркелген. Со­ның 60 пайыздан астамының қолданыста жүргеніне 10 жылдан асып кеткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу