Қазақстандықтар 6 айда қолма-қол ақшасыз 2,6 млрд операция жүргізді – Ұлттық банк

1299

Қазақстандықтар 2021 жылдың алты айында қолма-қол ақшасыз 2,6 млрд операция жүргізді. Бұл өткен жылдың осы кезеңіндегі көрсеткіштен 2,5 есе көп, деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

Қазақстандықтар 6 айда қолма-қол ақшасыз 2,6 млрд операция жүргізді – Ұлттық банк

"Жыл басынан бері қолма-қол ақшасыз операциялар санының жоспарлы өсуі байқалды. Атап айтқанда, маусымда 508 млн операция жасалды, бұл қаңтармен салыстырғанда 1,5 есе көп. Сонымен қатар 2021 жылдың алты айында халықтың қолма-қол ақшасыз төлемдері мен аударымдарының көлемі 29 трлн теңгеден асты. Бұл 2020 жылдың осы кезеңіндегі көрсеткіштен 2,3 есе асады",­ – деп жазылған бас банк таратқан хабарламада.

ҰБ таратқан мәліметке сүйенсек, биыл да интернет пен мобильді банкинг үлкен сұраныста болмақ. Олардың үлесіне барлық қолма-қол ақшасыз төлемдер мен ақша аударымдарының 2/3 және олардың көлемінің 83%-ы тиесілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу