Ұлттық банк 2024 жылы екінші деңгейлі банктер мен жекелеген айырбастау пункттеріне жалпы салмағы 1,7 тонна болатын 47 395 өлшемелі алтын құйма сатқан, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Алтын құймалардың ең көп сатылған өңірлері:
- Алматы – 32 735 дана (69%)
- Шымкент – 5 200 дана (11%)
- Қарағанды – 2 209 дана (5%)
Халыққа арналған алтын құймаларды Halyk Bank, Еуразиялық банк, Jusan Bank, ЦентрКредит Банкі және жекелеген айырбастау пункттері арқылы сатып алуға болады.
2024 жылы банктер мен айырбастау пункттері жалпы салмағы 2,5 тонна болатын 71 106 алтын құйманы сатты.
Бағдарлама іске қосылған сәттен бастап жалпы салмағы 7,9 тонна болатын 222 680 алтын құйма сатылған. Халық арасында ең көп сұранысқа ие – 10 граммдық құйма. Оның үлесі 25% немесе 54 875 дана.
Сатылымдағы алтын құймалар:
- 10 грамдық – 54 875 дана (25%)
- 5 грамдық – 49 145 дана (22%)
- 100 грамдық – 47 943 дана (22%)
- 20 грамдық – 40 843 дана (18%)
- 50 грамдық – 29 874 дана (13%)
Ұлттық банк алтын құймалардың инвестициялық құралы ретінде сенімді екенін атап өтті. Өтімділікті қамтамасыз ету үшін банктер мен айырбастау пунктері құймаларды кері сатып алуға дайын.
Әрбір құйма арнайы қорғаныс қорабында шығарылып, оның ашылған-ашылмағанын тексеруге мүмкіндік береді.
Бұл қаптама сапа сертификаты ретінде саналады. Сондықтан құйманың бүтіндігі мен қаптамасын сақтау ұсынылады.