Қазақстандықтар АЭС атауын таңдайды

220

Қазақстанда алғашқы АЭС-ке атау беру үшін жалпыхалықтық конкурс ұйымдастырылады.  

Қазақстандықтар АЭС атауын таңдайды Фото: gov.kz

Жаңа станция Алматы облысының Жамбыл ауданында салынады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Осы жылдың 29 тамызына дейін конкурстың ережесі мен тәртібі дайындалады.

Арнайы комиссия құрамына қоғам өкілдері, тарихшы, филолог, атом энергетикасы және креатив саласының мамандары кіреді.

Халықтан ұсыныстар қабылданып, үздік атау таңдалады. Агенттік БАҚ пен ресми арналар арқылы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізетінін хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу