Қазақстандықтар әлемдегі ең аз қимылдайтын халықтар қатарында екен

1553

Салауатты өмір салтын ұстанатын елдер тізімінде – Уганда мен Мозамбик алғы шепте.

Қазақстандықтар әлемдегі ең аз қимылдайтын халықтар қатарында екен

Қазақстандықтар әлемдегі ең аз қимылдайтын халықтар тізіміне енді, деп хабарлайды 24.kz.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы адамдардың жүріс-тұрыс белсенділігі бойынша 168 елде жаңа зерттеу жүргізген екен. Нәтижесінде 55 мемлекетте тұрғындардың үштен бірі спортпен шұғылданбайды екен. Ал Қазақстанда 18 жастан асқан жасөспірімдердің 27 пайызы дене шынықтыруға қатыспайды.

Салауатты өмір салтын ұстанатын елдер тізімінде – Уганда мен Мозамбик алғы шепте.

Жалпы әлемде ер жеткен әрбір бесінші адамның физикалық белсенділігі жеткіліксіз екен. Осыған байланысты, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы дабыл қағып отыр. Биыл 27 қыркүйекте БҰҰ бас ассамблеясының 73-сессиясы аясында жұқпайтын аурулар бойынша жоғары деңгейдегі үшінші кеңес өтеді. Осы форумға қатысушылар физикалық белсенділікті арттыру жөніндегі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаһандық жоспарын талқыға салады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу