Қазақстандықтар Alibaba арқылы 27,2 млн доллардың өнімін экспорттаған

1007

Ендігі меже – Amazon мен Rakuten.

Қазақстандықтар Alibaba арқылы 27,2 млн доллардың өнімін экспорттаған

Сауда және интеграция министрлігі Amazon мен Rakuten сияқты әлемдік сауда алаңына қазақстандық кәсіпкерлерді шығаруды шындап қолға алған сияқты. QazTrade аталмыш платформаларға өнім шығарудың нұсқаулығын әзірлеп отыр. 

"Бизнесмендер үшін осы сауда алаңының тиімділігін де, тап болуы мүмкін ықтимал кедергілерді де барынша түсінікті тілмен жазуға тырыстық. Мысалы, Rakuten платформасында орыс тілді қолдау жоқ және комиссия алымдары жоғары. Ал Amazon-да біздің еліміз әлі тексерілмеген. Бұл логистиканы қиындатады. Қазір біз осы мәселені шешумен тығыз айналысып жатырмыз", - деп жазды министр Бақыт Сұлтанов өзінің Facebook парақшасында. 

Бұған дейін Сауда және интеграция миннистрлігі  отандық өндірушілердің Alibaba сауда жүйесінде  бейімделуіне басым назар аударып келген болатын. Екі жылдың ішінде бірнеше қазақстандық компания алтын шоттардың иесіне айналды. 

"Бірінші кезеңмен Alibaba-ға өткен кәсіпорындар бүгінге дейін 17 млн доллардың өнімін экспорттай алды. Ал екінші кезеңде 230 мың доллардың тауарын экспорттау туралы келісімшарттарға қол қойылды. Жуықта біз үшінші кезеңге компанияларды іріктеу туралы жариялаймыз", - дейді Бақыт Сұлтанов.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу