Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2023 жылдың бірінші тоқсанында ішкі нарықта 21,6 млн литр арақ сатылды. Бұл 2022 жылғы қаңтар-наурыз айларына қарағанда 51,1%-ға артық.
Тиісті кезеңде 8,2 млн литр коньяк (өсім – 2,9 есе); 8,4 млн литр шарап (шымырлағыш түрін қоспағанда), өсім – 17%; 845,7 мың литр шымырлағыш шарап (өсім – 55,1%) сатылды.
Ресурстың жазуынша, сыра сатылымы бір жылда 13,5%-ға төмендеп, 151,2 млн литрді құрады.
Арақ өндірушілер өндірісті бір жарым еседен астам (19 млн литрге дейін) өсіріп, экспортты 40%-ға қысқартты (328 мың литрге дейін). Дегенмен де ішкі сұранысты толық қамтамасыз ету мүмкін болмады, сол себепті импортты ұлғайтуға тура келді (+18,4%, 2,9 млн литрге дейін).
Коньяк өндірісі 2,6 есеге (6 миллион тоннаға дейін), ал импорт 4,3 есеге (4,4 миллионға дейін) өсті. Бірақ 2,2 млн литр экспортқа шығарылды, бұл 2022 жылғы қаңтар-наурыз айларына қарағанда 4,1 есеге артық.
Шарапқа келсек, ішкі өндіріс пен импорт көлем өсті.
Сыра өндірісі 14,1%-ға төмендеді (137 миллион литрге дейін), бірақ импорт өсті (12,1%-ға, 18,4 миллион литрге дейін). Өндіріс құлдырағандықтан, экспортты ұлғайтуға тура келді (3,8 есеге, 4,1 миллион литрге дейін).