Астанада Қазақстан мен БАӘ дипломатиялық паспортқа ие қызметкерлерге және келуші азаматтардың өзара визасыз сапарлары туралы келісімге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы xаттамаға қол қойды, деп xабарлайды abctv.kz.
"Бұл келісім нәтижесінде қазақстандық азаматтарға Біріккен Араб Әмірліктеріне визасыз баруға жол ашылды. Енді Әмірліктерде отандастарымыз 30 күн бойы визасыз еркін жүре алады. Бұл келісім екі ел арасындағы әріптестік қарым-қатынастарға жаңа серпін береді", - деді ҚР Сыртқы істер министрі Қ. Әбдіраxманов xаттамаға қол қою рәсімінде.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу