Қазақстандықтар АӨК жобаларын бастауға 2,5%-бен несие ала алады

440

Кредиттің ең жоғары сомасы – 5 млрд теңге

Қазақстандықтар АӨК жобаларын бастауға 2,5%-бен несие ала алады Фото: dknews.kz

Ауыл шаруашылығы министрлігі АӨК-ті несиелеу ережелерін әзірледі. Құжат жобасы Ашық НҚА порталында талқылауда жатыр.

Қазақстандықтар жаңа кәсіпорындарды құруға немесе жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды, оның ішінде сүт-тауар фермаларын (қуаты 400 бас малдан  бастап), ет бағытындағы құс фабрикаларын (жылына 5 мың тонна құс етінен бастап), көкөніс қоймаларын (1000 тоннадан бастап), сондай-ақ заманауи су үнемдеу технологияларын пайдалана отырып (шашырату, тамшылатып суару) суармалы егіншілік саласындағы жобаларды (картоп, көкөністер, жемшөп өндірісі) кеңейтуге несие ала алады.

Қаржыландыру республикалық немесе жергілікті бюджеттер есебінен жүзеге асырылатын болады. 

Қағидалардың жобасына сәйкес, жергілікті атқарушы органдарға жылдық сыйақы мөлшерлемесі 0,01% болатын 10 жыл мерзімге бюджеттік кредиттер беріледі. Негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезең 24 айдан аспайды, бюджеттік кредитті игеру кезеңі 12 айды құрайды.

Әкімдіктер фермерлерге сенім білдірілген өкіл (агент) арқылы несие береді. Кредиттеу мерзімі 10 жылға дейін, кредиттің ең жоғары сомасы – 5 млрд теңге, номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 2,5% - дан аспайды. Негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең кредиттеу мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайтын кезеңді құрайды. Міндетті шарт - кепілмен қамтамасыз етудің болуы.

АӨК кредиттеу қағидаларының жобасымен толығырақ мына сілтеме бойынша танысуға болады:

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу