Қазақстандықтар аптасына қанша сағат жұмыс істейді?

778

Ел тұрғындарының орташа жұмыс уақыты аптасына 38 сағатты құрайды.  

Қазақстандықтар аптасына қанша сағат жұмыс істейді? Фото: ares.by

Биылғы бірінші тоқсандағы деректерге сәйкес, елімізде 9 млн адам еңбекпен қамтылған. Соның ішінде 76,7%-ы аптасына 36-40 сағат жұмыс істеген. Олардың саны бір жылда 6,9 млн адамға дейін өсті, деп жазады inbusiness.kz finprom.kz порталына сілтеме жасап.

Тағы 14,3%-ы аптасына 41 немесе одан да көп сағат жұмыс істеген. Олардың саны – 1,3 миллион адам. Бұл былтырғы көрсеткіштен 8,2%-ға аз.

"679,2 мың адам аптасына 35 сағаттан аз уақыт жұмыс істеген: бір жылда  +30%. Оның ішінде 2,5 мың адам 5 және одан аз сағат еңбек етті, тағы 40,2 мың адам – 6-10 сағат, 90,1 мың адам – 11-15 сағат, 74,5 мың адам – 16-20 сағат, 241,7 мың адам – 21-25 сағат, 79,9 мың адам – 26-30 сағат, 150,4 мың адам – 31-35 сағат", - делінген хабарламада.

Қазақстандықтардың орташа жұмыс уақыты аптасына 38 сағатты құрады. Оның ішінде ер адамдарда – 40 сағат, әйелдерде – 37 сағат.

Жас ерекшеліктеріне келсек, 35-44 жас аралығындағы халық белгіленген уақыттан да көп жұмыс істеген: 378,4 мың адам. "Еңбекқорлар" қатарында 45-54 жас (283,1 мың адам) және 29-34 жас (242,7 мың адам) аралығындағы адамдар да бар. Жастар арасында 41 және одан да көп сағат жұмыс істегендердің арасында 16-24 жас аралығындағы 122,5 мың адам бар, сондай-ақ 25-28 жас аралығындағы 128,8 мың адам.

Бұдан бөлек 55-64 жас аралығындағы 137,2 мың адам, 65 және одан жоғары жастағы 2,6 мың адам нормадан тыс жұмыс істеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу