Қазақстандықтар АШМ басшысына қандай сұрақтармен жүгінді

566

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев азаматтарды жеке қабылдады.  

Қазақстандықтар АШМ басшысына қандай сұрақтармен жүгінді Фото: АШМ

Бұл жолы Қазақстанның әртүрлі өңірлерінің тұрғындары жер мәселелері және жер заңнамасының сақталуы, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты, саладағы тексерулер жүргізу және т.б. мәселелер бойынша жүгінді. АШМ басшысына ағымдағы мәселелерді шешуге жәрдемдесу туралы өтініштермен бірге  жаңа идеялар мен жобалармен келгендер де бар.

Мәселен, Қарағанды облысының тұрғыны министрге экологиялық өндірістер тізбегін құруды: көңді биошіріндіге қайта өңдеуді, биогаз қондырғыларын құруды, сүйек ұнын өндіру пункттерін құруды, сондай-ақ өнімді экспортқа өткізуді көздейтін "Қайта өрлеу-қайта өңдеу" пилоттық жобасын таныстырды.

Қазіргі уақытта ауылшаруашылық өндірісінде құстың тезегі сияқты малдың қалдықтарын кәдеге жарату мәселесі өткір болып тұр. Осыған байланысты инвестициялық субсидиялау қағидаларында құс қоқысын қайта өңдеуге арналған жабдықтарды сатып алуға жұмсалған шығындарды өтеу көзделген, деп түсіндірді министр.

Ербол Қарашөкеев қаралған әрбір өтініш бойынша  құрылымдық бөлімшелердің басшыларына нақты тапсырмалар берді.  Ол қабылдауға келген қазақстандықтарды көтерілген мәселелерді шешуді өзінің жеке бақылауына алынатынына сендірді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу