Шілде айында Қазақстанда Астана күні тойланады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
2025 жылы 6 шілде жексенбіге сәйкес келгендіктен "Мерекелер туралы" заңға сәйкес, демалыс күні дүйсенбі – 7 шілдеге ауыстырылады.
Осылайша қазақстандықтар қатарынан үш күн, яғни 5-7 шілде күндері демалады.
5 күн жұмыс істейтіндер үшін:
- 5 шілде (сенбі) – демалыс күні;
- 6 шілде (жексенбі) – Астана күні;
- 7 шілде (дүйсенбі) – ауыстырылған демалыс күні.
Аптасына 6 күн жұмыс істейтіндер үшін:
- 5 шілде (сенбі) – жұмыс күні;
- 6 шілде (жексенбі) Астана күні;
- 7 шілде (дүйсенбі) – демалыс күні.
ҚР Еңбек кодексінің 85 бабының 3 тармағына сәйкес, мереке күндері кезінде жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында Үкімет демалыс күндерін басқа жұмыс күндеріне ауыстыруға құқылы.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу