Қазақстандықтар аты мен тегін онлайн түрде өзгерте алады

889

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ mGov қосымшасы арқылы "Электрондық үкімет" порталына қосымша 12 қызметті іске қосты.

Қазақстандықтар аты мен тегін онлайн түрде өзгерте алады

Аталған мобильді қосымшаның көмегімен некеге тұру туралы қайталама куәлікке, әкесі екендігін анықтайтын куәлікке, атын, тегін, әкесінің атын ауыстыру туралы қайталама куәлікке, некені бұзу туралы қайталама куәлікке өтініш беруге мүмкіншілік бар.

Сонымен қатар, азаматтар наркологиялық, психоневрологиялық және туберкулезге қарсы диспансерлерден  анықтамаларды ала алады.

Еліміздің бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәлімет беруде аталған қосымша арқылы жүзеге асырылады.

Айта кетейік, бүгінгі күні eGov.kz порталының мобильдік қосымшасы арқылы 62 мемлекеттік қызмет пен сервис қолжетімді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу