Қазақстандықтар аудан және облыстық маңызы бар қалалар әкімін сайлады

Бұл елімізде алғаш рет болып отыр. 

Қазақстандықтар аудан және облыстық маңызы бар қалалар әкімін сайлады Фото: inbusiness.kz

ҚР Орталық сайлау комиссиясы 2023 жылғы 6 қарашада өткен аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдері сайлауының қорытындысын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Еске сала кетсек, 5 қарашада Мемлекет басшысының бастамасымен алғаш рет аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін сайлау өтті. 

Өкілеттіктерге сәйкес облыстардың мәслихаттары осы сайлауды өткізу үшін 42 аудан мен 3 облыстық маңызы бар қаланы бекіткен болатын.

Оған Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, 1553 сайлау комиссиясы жұмылдырылды.

"Сайлау бюллетеньдеріне 125 кандидат енгізілді. Сайлаушылардың 62,79%-ы келді. Сайланған әкімдердің орташа жасы – 46,7", – деп хабарлады Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу