Қазақстандықтар аз ақша аудара бастады

947

Елімізде ай сайынғы ақша аударымдарының көлемі 2 млрд теңгеге азайған.

Қазақстандықтар аз ақша аудара бастады

Елімізде ақша аударымдарының көлемі қысқарған. Ranking.kz-тің хабарлауынша, былтыр ай сайынғы ақша аударымдары 4 млрд теңгені құраған, ал одан бір жыл бұрын 6 млрд болған еді.

Ақша аударымдарының халықаралық жүйесі бойынша Қазақстандағы ақша аударымдарының көлемі бір жыл ішінде 39,9% төмендеп, 2019 жылдың қаңтар-қараша айларында 40,9 млрд теңгені құрады. Бұл ретте транзакциялар саны тек 17,6%-ға, яғни 226,2 мыңға дейін азайды.

Нәтижесінде, республика бойынша бір аударым үшін орташа чек 180,8 мың теңгені құрады, бұл 2018 жылғы қаңтар-қараша айларымен салыстырғанда 27,1%-ға аз.

Ақша аударымдарының халықаралық жүйелері арасында ел ішіндегі ең танымалы дәстүрлі түрде "Золотая Корона". Оның үлесі 15,3 млрд теңге, бұл еліміздегі ақша аударымдарының жалпы көлемнің 37,4%-ын құрайды. Алайда бұл жүйе арқылы аударым көлемі бір жылда 36,3%-ға төмендеді. Транзакциялар саны бірден 71.6%-ға, яғни 38,2 мыңға азайды, ал жүйе бойынша бір аударымның орташа чегі 178,7 мыңнан 400,6 мың теңгеге дейін 2,2 есе өсті.

Екінші орында Faster тұр. Аударымдары – 2,2 млрд теңге. Бұл 2018 жылғы қаңтар-қараша айларымен салыстырғанда 14,2%-ға аз. Транзакциялар саны 54,9%-ға, 12,3 мыңға дейін азайды. Бір аударымның орташа чегі екі есе артып, 180,7 мың теңгеге дейін өсті.

Алғашқы үштікті Western Union түйіндеп тұр. 2019 жылдың қаңтар-қараша айларында осы жүйе арқылы жасалған аударым көлемі 1,7 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 25,6%-ға аз. Дегенмен транзакциялар саны 21,2%-ға, яғни 8 мыңға дейін өсті. Ал жүйедегі бір аударымның орташа чегі 341,6 мыңнан 209,6 мың теңгеге дейін азайды.

Орта есеппен алғанда, республика ішінде 2019 жылы ай сайын  ақша аудару жүйелері арқылы 3,7 млрд теңге аударылды. Салыстыру үшін айтсақ, 2018 жылы аударымдардың ай сайынғы көлемі орта есеппен 6,1 млрд теңгені құраған еді.

2019 жылдың қараша айында трансферттер көлемі 4,3 млрд теңге болды. Бұл қазан айымен салыстырғанда 4,8%-ға және 2018 жылғы қарашадағы көрсеткіштен 21,9% аз. Алайда транзакциялар саны бір айда 8,6%-ға, бір жылда 70,1%-ға, яғни 34,2 мыңға дейін өсті. Ел ішінде бір аударымның орташа чегі 2019 жылдың қараша айында 124,6 мың теңге, одан бір ай бұрын  140,6 мың теңге, ал бір жыл бұрын 271,3 мың теңге болған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу