Қазақстандықтар Біріккен Араб Әмірліктеріне 10 наурыздан бастап, визасыз бара алады. Бұл туралы осы елдегі елшілігі твиттер парақшасына жариялады, деп хабарлайды 24.kz.
Енді араб елінде визасыз 30 күнге дейін жүруге мүмкіндік бар.
Естеріңізде болса, бұған дейін еліміздің сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов екі ел арасында визасыз режим туралы келісімге қол қойылғанын айтқан болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу