Қазақстандықтар БАӘ-ге визасыз сапарлай алады

909

Қазақстандықтар БАӘ-ге визасыз сапарлай алады

Қазақстандықтар бүгіннен бастап Біріккен Араб Әмірліктеріне визасыз бара алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, ҚР СІМ Қайрат Әбдірахманов 2017 жылы Біріккен Араб Әмірліктеріне барлық төлқұжат түрлерімен визасыз қатынау жөніндегі келісім жасалғанын мәлімдеген болатын. Аталған құжатты БАӘ барлық әмірліктері мақұлдаған.

Сонымен қазақстандықтар аталған елде 30 күнге дейін визасыз жүре алады. Ал ол мерзімнен асып кетсе айыппұл төлейді. Айыппұл көлемі жергілікті заңнамаға сәйкес, бірінші күні 200 дирхам, ал одан кейінгі күндер үшін 100 дирхам болып белгіленген.

Визасыз режим кезінде келіссөздер мен кездесулер өткізуге рұқсат етілген. Алайда, бұл жұмыс істеу мақсатында көзделмеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу