Қазақстандықтар байланысқа 10 айда 658,4 млрд теңге жұмсаған

879

Ел тұрғындары интернет үшін 234,1 млрд теңге төлеген. 

Қазақстандықтар байланысқа 10 айда 658,4 млрд теңге жұмсаған

LS сайты қазақстандықтардың жыл басынан бері байланыс қызметіне қанша қаржы шығындағанын жариялады. Байланыс операторлары 10 айда 658,4 млрд теңге табыс тапқан. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 4,5% көп. Дегенмен, бір жылда тұрғындардың телефон байланысына жұмсайтын ақшасы 7,1% азайған. Ал интернетке 13,4% көп шығындалған. Ұялы байланыс шығыны былтырғымен шамалас (0,3% өсім).

"Байланыс қызметін көрсететін кәсіпорындар табысының 35,6%-ын кең жолақты интернеттен, 27,9%-ын ұялы байланыстан тапқан. Телекоммуникациядан түскен табыстың үлесі  18,2% болса, жергілікті телефон байланысының табыстық үлесі – 4,7% ғана", – деп жазады LS.

Елімізде 3,2 млн қарапайым телефон тіркелген. 25,9 млн ұялы байланыс нөмірі тіркелсе, соның 14,9 миллионы интернетке жалғанған. Сондай-ақ, 2,4 млн интернет нүктесі бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу