Қазақстандықтар бақсы-балгерлерге 39 млн теңге жұмсап тастаған

205

Кәсіпкер тіркелген астрологтардың ең көп табыс тапқан жері Астана қаласы болды.

Қазақстандықтар бақсы-балгерлерге 39 млн теңге жұмсап тастаған Фото: freepik.com

2023 жылы Қазақстанда астрологтар, балгерлер мен көріпкелдер 39,1 млн теңге табыс тапқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бұл сома тек жеке кәсіпкер ретінде тіркелгендерге түскен табыс. Ұйымның дерегінше, көріпкелдердің барлығының тіркеліп жұмыс істеуі екіталай, ал сауалнама барлық жеке кәсіпкерлерді қамтымаған, сондықтан табыс бұдан да жоғары болуы мүмкін. 

Ресми деректер бойынша, қызметтердің жалпы көлемінің 38,1 миллион теңгесін халық төлесе, ал 1 миллион теңгені Атырау облысында тіркелген белгісіз ұйым төлеген болып шықты. 

Кәсіпкер тіркелген астрологтардың ең көп табыс тапқан жері Астана қаласы болды. Көріпкелдер Астанада 25,3 млн теңге табыс тапқан. Айта кетейік, мұндай қызметтер 2019 жылдан бері тіркелмеген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу