Қазақстандықтар балық пен теңіз өнімдерін аз тұтына бастады

250

Былтыр 2022 жылмен салыстырғанда нан мен жарма, балық пен теңіз және май мен тоңмайдан басқа азық-түлік өнімдерінің негізгі топтары бойынша тұтыну көрсеткішінің өскені байқалды. 

Қазақстандықтар балық пен теңіз өнімдерін аз тұтына бастады Фото: Дзен

Өткен кезеңдердегідей үй шаруашылықтарының тұтыну шығыстарында азық-түлік сатып алуға жұмсалатын шығыстардың ең көп үлесі ет және ет өнімдеріне (17%), нан мен жарма өнімдеріне (7,9%) тиесілі, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Ет пен ет өнімдерін тұтынудың ең жоғары деңгейі Атырау, Ақмола, Жетісу облыстарында, ал ең төмені Шымкент қаласында байқалды.

2023 жылы халықтың жан басына шаққандағы азық-түлік өнімдерінің жекелеген түрлері бойынша айына орташа алғанда тұтынуы:

  • картоп – 3,7 кг
  • нан, І сұрып – 2,4 кг
  • сиыр еті – 2,1 кг
  • алма – 1,6 кг
  • құмшекер – 1,5 кг
  • күріш – 1,3 кг
  • сүт – 1,1 л
  • айран – 1 л
  • жұмыртқа – 16,8 дана
  • макарон – 0,9 кг
  • жаңа ауланған немесе салқындатылған балық – 0,8 кг
  • қара шай – 0,1 кг
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу