Қазақстандықтар банкке 1,7 триллион теңге қарыз

1140

Қазақстандықтар банкке 1,7 триллион теңге қарыз

Қазақстан банктерінің жағдайы қиындай бастады. Осы жылдың мамыр айында төлем мерзімі 90 күннен асып кеткен қарыздардың көлемі бірден 39,5 пайызға көбейіп, 1,7 трлн теңгені құрады, деп хабарлайды qazaqtimes.com.

Агенттіктің мәліметінше, "нашар" несиелер көлемінің бір айда бұлай жылдам өсіп кетуі  2008 жылдан бері тіркелмеген. Бұған дейінгі рекордты көрсеткіш 2009 жылдың сәуір айында тіркелген. Бұл жылы төлем мерзімі 90 күннен асып кеткен кредит 25,5 пайызға артқан.

Қазіргі кезде жалпы қарыз портфеліндегі "нашар" несие үлесі 8 пайыздан 11,1 пайызға дейін артқан. Ал екінші деңгейлі банктер арқылы берілген несие көлемі төмен. Себебі мамыр айында банктердің қарыз портфелі бар болғаны 0,7 пайызға ғана көбейген. Бір жыл ішінде экономикаға берілген несие көлемі 1,6 пайызға өссе, ал нашар қарыздар көлемі 35,7 пайызға өсіп кеткен.

Негізі ҚР банктерінің несиелік портфель жағдайының қиындауына Delta Bank балансындағы 68,4 пайыз қарыздың сапасыз деп танылуы әсер етті.

Айта кетейік, Ұлттық банк 2017 жылдың 21 маусымдағы қаулысына сәйкес, "Delta Bank" АҚ-ның жеке және заңды тұлғаларға шот ашу, депозит қабылдауға қатысты лицензиясын 2017 жылдың 3 тамызына дейін тоқтата тұру туралы шешім қабылдаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу