Қазақстандықтар банктерге 7,5 трлн теңге қарыз

1242

Қазақстандықтардың банктерге қарызы күрт көбейген. Бірер күн бұрын Ұлттық банкі төрағасы Ерболат Досаев 2020 жылы халықтың кредиті 10,5 пайызға артып, 7,36 трлн теңгеге жетті деді. Оның 2,3 трлн теңгесі ипотекалық қарыз. Ол бірден 27,8 процентке өскен. Сұраныстың көптігінен баға да жыл сайын қымбаттап барады. Орта есеппен 8-10 пайызға қымбаттаған. 

Қазақстандықтар банктерге 7,5 трлн теңге қарыз

Жаппай ипотека алушылардың көбейгені жақсы-ақ, бірақ  қарызға өмір сүріп, өмірін берешекті төлеумен өткізу дұрыс па? Тұрғындардың жаппай ипотека алуы экономикаға қалай әсер етеді? Қомақты қаржыңыз болса оны баспана алуға жұмсайсыз ба, әлде білімге ме? 

Ұлттық банктің дерегінше желтоқсанның 24-і күнгі жағдай бойынша тек "7-20-25" бағдарламасы бойынша 27 353 өтініш мақұлданған. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 106 пайызға көп.

Жаллпы ипотека алушылар өткен жылы  111 процентке артқан. Сарапшылар биыл да осы қарқын сақталады дейді. Бұл 2008 жылғы дағдарысқа әкелмей ме? Еліміздің экономикасына қалай әсер етеді және өмірін берешекті төлеумен өткізу дұрыс па? Осы сұрақтар төңірегіндегі экономист Әділет Бағдат пен баспана саласындағы сарапшы Ұлан Дәулетқали жауап берді. Толығырақ:Atameken Business-те:

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу