Қазақстандықтар баспананы қарызға алады

926

Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан мен жақында құрылған Ұлытау, Абай облыстарының тұрғындары баспананы қарызға алу көшін бастап тұр. 

Қазақстандықтар баспананы қарызға алады

Қазақстандықтардың басым бөлігі баспананы қарызға алады. Банктерге берешегі бар тұрғындардың 90 пайызы қаржыны пәтер сатып алу үшін жұмсаған, деп хабарлайды Atameken Business.

Арасында 2 бөлмелі пәтерлерге сұраныс көп. Азаматтардың 40 пайызға жуығы қос бөлмелі баспананы сатып алса, 27 пайызға жуығы бір бөлмелілерді қанағат етеді. Ал 4 және 5 бөлмелі баспаналарға сұраныс аз.

Отбасы банкі жыл басынан бері 771 млрд теңгеге 46 мың несие берген. Елімізде мұндай қарызға 40 жастан асқан отбасылы азаматтар жүгінеді.

Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан мен жақында құрылған Ұлытау, Абай облыстарының тұрғындары баспананы қарызға алу көшін бастап тұр. Сондықтан баспана нарығының сарапшысы Ерболат Маңғышпан Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына арналған арнайы бағдарламалардың санын арттыру керек деп отыр.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу