Қазақстандықтар Батумидегі қонақ үйден шұғыл шығарылып жатыр

806

Сот қаулысына байланысты 300-ге тарта демалушы бүгінге дейін төленіп қойған нөмірлерін тастап шығуға мәжбүр болып отыр. 

Қазақстандықтар Батумидегі қонақ үйден шұғыл шығарылып жатыр

Грузияның Батуми қаласындағы қымбат қонақ үйден шұғыл түрде шығарылып жатқан туристердің қатарында қазақстандықтар да бар болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарт 24.kz сілтеме жасап.

Сот қаулысына байланысты 300-ге тарта демалушы бүгінге дейін төленіп қойған нөмірлерін тастап шығуға мәжбүр болып отыр. Отельде өрт қауіпсіздігі ережелері сақталмаған. Төтенше жағдайлар қызметкерлері мұның соңы өткен жылы тіркелген қайғылы оқиғаға ұқсас жағдайға әкеліп соқтыруы мүмкін деп ескертуде. Ол кезде өрт салдарынан 11 адам мерт болған еді.

Сот қаулысына сәйкес отельдің жұмысы белгілі бір мерзімге дейін тоқтатылған. Қонақ үйге тұрақтағандар мен қызмет көрсетуші персонал жүктерін жинауда.

"Не болып жатқаны түсініксіз. Қонақ үйден неге кетуіміз керек? Біз бес күнге нөмір жалдап қойған едік. Неліктен бізді шығарып жібергенін түсінген жоқпыз. Айтуларынша, бәрі де біздің қауіпсіздігіміз үшін жасалып жатқан көрінеді. Бізді қайда апарып орналастыратындары белгісіз. Қалай болғанда да, осы кешке дейін қонақ үйді босату керектігіміз айтылды", - дейді отельде орналасқандардың бірі.

Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, отельдің жабылуының басты себебі - түтінді аластау жүйесінің болмауы. Міне, сондықтан, өрт туындаған жағдайда отельге тұрақтағандардың өміріне қауіп төнері анық. Былтыр 24 қарашада осы мәселе ескерілмегендіктен, қайғылы жағдай тіркелген.

"Біз қонақ үй иелерімен шұғыл жұмысты бастадық. Мәселені шешуге барынша дайын екенімізді білдіріп отырмыз: белгілі бір мерзім мен қажетті ақыл-кеңес береміз. Демалушылар мен персоналдың өміріне төніп тұрған қауіптің мөлшері бір пайыз болса да, қонақ үй жұмысын жалғастыра алмайды", - дейді ТЖ бойынша қызметтің өкілі Маисурадзе.

Қонақ үйдің әкімшілігі сот шешімі туралы шілде айынан бері хабардар болып шықты. Алайда менеджерлер клиенттерді қабылдауды тоқтатпаған. Туындаған мәселеге Туризм департаменті де араласқан. Аталмыш департаменттің қызметкерлері демалушыларды басқа қонақ үйлерге орналастыру үшін барлық жағдайды жасап жатыр. Олардың айтуынша, қолға алынған шаралардың барлығы демалушылардың қамы үшін жасалып жатқандықтан, тіркелген жағдай елдің туристік имиджіне ешқандай әсерін тигізбейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу