Қазақстандықтар білім мен баспанадан бұрын құмар ойындарға көбірек ақша жұмсайды

Ішкі істер министрлігі осындай ақпаратпен бөлісті. 

Қазақстандықтар білім мен баспанадан бұрын құмар ойындарға көбірек ақша жұмсайды Фото: Bugin.kz

Құмар ойындар нарығы жылжымайтын мүлік нарығын басып озып, қазақстандықтар ең көп ақша жұмсайтын салаға айналды. Мұндай статистикамен Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов бөлісті.

"Ұлттық статистикаға сәйкес, 2022 жылы ойын және бәс тігу қызметтерінің көлемі 2019 жылмен салыстырғанда қырық есе өсті. Биылғы жылдың бірінші тоқсанында ғана бұл саладағы халықтың шығыны 100 млрд теңгеден асты. Бұл кітапханалар мен мұражайлардың қызметіне жұмсалған қаражаттан 70 есе, шығармашылық пен өнерге жұмсалған қаражаттан 50 есе, IT қызметтеріне қарағанда 5 есе және жылжымайтын мүлікпен операцияларға жұмсалған қаражаттан 2 есе көп. Бұл өте қауіпті тенденция", - деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу