Қазақстандықтар бір айда 4,4 литр сыра сатып алады

748

Бір жылда сыра 7%-ға қымбаттаған.

Қазақстандықтар бір айда 4,4 литр сыра сатып алады

16 жастан асқан әрбір қазақстандық айына орта есеппен 4,4 литр сыра сатып алады, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

2021 жылғы қаңтар-мамырда Қазақстанда 285,3 млн литр сыра өндірілген: өткен жылмен салыстырғанда 9,1%-ға артық.

Өндірістің жартысына жуығы (еліміздегі өндірістің 46,7%-ы) Алматы үлесінде: 133,3 млн литр, бір жылда плюс 5,2%.

Үздік үштікте Алматы облысы (67,2 млн литр, бір жылда плюс 21,1%), Қарағанды облысы (41,7 млн литр, бір жылда плюс 15,6%)  бар. 

2020 жылы сыра өндірісінің көлемі 4,3%-ға немесе 692,5 млн литрге өскен.

Биыл қаңтар-сәуірде жергілікті компаниялар сыраға сұранысты (ішкі нарықта сату плюс экспорт) 92,7%-ға қамтамасыз еткен.

Осы кезеңде өндіріс 11,2%-ға өсіп, 216,2 млн литр сыра өндірілген.

Импорт үлесінде 17,1 млн литр сыра: өткен жылмен салыстырғанда
12,9%-ға артық. Биыл экспорт 5,3%-ға немесе 4 млн литрге дейін төмендеді.

Ішкі нарықта 229,3 млн литр сыра сатылды, бір жылда плюс 11,6%. Осылайша, орта есеппен 16 жастан асқан әрбір қазақстандық 4 айда 17,5 литр сыра сатып алған.

2021 жылғы маусымда сыра бағасы жылдық динамикада 7%-ға өсті.

Хабар 24 мәліметінше, сыра Қызылорда (12,8%-ға), Солтүстік Қазақстан (12,7%-ға) және Қостанай (11,9%-ға) облыстарында айтарлықтай қымбаттаған.

13 жыл бұрын Қазақстанда жылына 356 млн литр сыра өндірілсе, қазір шамамен 700 млн литр сыра шығарылады.

Бүгінде сыраға акциздің ең төменгі ставкасы белгіленген, ал 2014 жылдан бері арақ акцизі 5 есе өскен. Бұл сатып алушының төлем қабілетіне әсер еткен.

"Қазалкотабак" қауымдастығы Қазақстанда алкогольді тұтыну деңгейін төмендету үшін арақ өндірушілерге ғана емес, барлығына 
талапты да қатаңдату керек деген пікірде. Қауымдастық өнімдегі алкоголь құрамына байланысты барлық ішімдіккке акциздің бірыңғай мөлшерлемесін белгілеуді ұсынып отыр.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу