Астана қаржыгерлер қауымдастығы банк картасы арқылы төлем жасау күннен күнге қалыпты жағдайға айналып келе жатқанын айтады. Алматыдан басқа қалалардың барлығында ақша аударымы 2 есе артқан. Тек Алматыда ғана жалпы төлемдегі аударымдар үлесі 72%-дан 45-ға түскен.
"Банкомат картасын қолданушылар ақша шешуді азайтып келеді. Биыл екі арадағы үлес салмақ бірінші рет тікелей аударым жағына ойысты. Соңғы бір айдың өзінде тікелей адуарым көлемі 44%-дан 52-ға артты", – делінген ресми мәліметте.
Есімжан Нақтыбайұлы
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу