Қазақстандықтар бір айда шетелге 40 млрд теңге аударған

922

Осылайша халықаралық ақша аударымдарының көлемі 4,8%-ға артты. 

Қазақстандықтар бір айда шетелге 40 млрд теңге аударған

2020 қаңтар айында халықаралық ақша аударым жүйелері арқылы қазастандықтар шетелге шамамен 39,7 млрд теңге жіберген, деп хабарлады Ranking.kz. 

Бұл қаңтар айларындағы ең жоғары көрсеткіш. Осылайша жылдың ішінде ақша аударымдарының көлемі 4,8%-ға артқан. 

Жалпы шетелге жіберілген қаржының шамамен 71%-ы төрт елге тиесілі. Оның негізгісі Ресей. Көрші мемлекетке қаңтар айында 13 млрд теңге аударылған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 11,2%-ға төмен. Одан кейінгі орында Түркия  (6,3 млрд теңге, яғни 30,9%-ға артқан), Өзбекстан (6,1 млрд теңге, аударымдар 25,5%-ға артты) және Қырғызстан (6 млрд теңге, көрсеткіш 37%-ға жоғарылады).

39,7 млрд теңгенің 29,6 млрд теңгесі, яғни 74,4%-ы "Золотая Корона" халқаралық ақша аударым жүйесі арқылы шетелге жіберілген. Өткен жылы бұл көрсеткіш  12,5%-ға төмен болатын.

Екінші орында Western Union. Аталған жүйеге 4,6 млрд теңге, аударымдардың 11,5%-ы тиесілі. Бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңінен 25,7%-ға төмен. 

Одан кейінгі орында 1,7 млрд и 1,6 млрд теңге көрсеткіштерімен Contact пен Юнистрим халықаралық жүйесі тұр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу