Қазақстандықтар бір айда шетелге 50 млрд теңгеден астам ақша жіберген

1014

Қазақстандықтар бір айда шетелге 50 млрд теңгеден астам ақша жіберген

2017 жылдың қарашасында Қазақстаннан шетелге ақша аударымы жүйесінің көмегімен (ААЖ) 50,4 млрд теңге жіберілген, бұл алдағы айға қарағанда 2,9%-ға аз. Ал шетелден 27,5 млрд теңге алынған, бұл қазан айындағыдан 3,1%-ға аз. 
2017 жылдың қаңтар-қараша айында шетелге 449,1 млрд теңге жіберілген, бұл 2016 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 28,9%-ға (100,8 млрд) аз.
ААЖ арқылы шетелге жіберілгеннен гөрі (277,4 млрд теңге) алынған ақшаның көлемі 62%-ға аз болған. Бір жылдағы өсу 21,9% (49,9 млрд теңге). Ал бір жыл бұрын жіберілген мен алынған ақша көлемі  арасындағы айырмашылық 53,2%-ды құраған болатын. 
Қазақстаннан ақша аударымы жасалған елдер арасында көшбастап тұрғандар Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан, бұлардың жиынтық үлесі бардлқ аударылған ақша көлемінің 65,2%-ын құрайды. 
Ресейге жасалған ақша аударымының көлемі 17,3%-ға (25,8 млрд теңге), 171,6 млрд теңгеге дейін өскен. Бұл реттегі үлес 42%-дан 38,2%-ға дейін азайған. 
Өзбекстанға жасалған ақаша аударымы 39,3%-ға (23,5 млрд теңге) артып, 83,5 млрд теңгеге жеткен. Елдің үлесі 17,2%-дан 18,6%-ға артқан.
Қырғызстанға 38 млрд теңіге жіберілген, өсім 78,6% (16,7 млрд теңге) болған. Елдің үлесі 6,1%-дан 8,5%-ға жеткен.
Шетелден келген ақша аударымдарының басым көпшілігі Ресейге тиесілі, яғни 144,9 млрд теңге. Бір жылдағы өсу 15,9% (19,9 млрд теңге) болған. Ресейдің үлесі 55%-дан 52,3%-ға азайған.
Екінші орында Оңтүстік Корея. Бұл елден 11 айда 18,8 млрд теңге аударылған, бұл былтырғы жылдың осындай кезеңіне қарағанда 2,1 есе (9,7 млрд теңге) көп. Үлес 4%-дан 6,8%-ға өскен. 
Қырғызстаннан 15,9 млрд теңге жіберілген, бір жылдағы өсу 7,9%-ға (1,2 млрд теңге) артқан.  Елдің үлесі 6,5%-дан 5,7%-ға артқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу