Қазақстандықтар бір күнде 37 млрд теңге жұмсайды

1051

Үкімет пен Ұлттық банк қолма-қол ақшасыз төлем жүйесін дамытады.

Қазақстандықтар бір күнде 37 млрд теңге жұмсайды Фото: Серікжан Қобыланбаев

Үкіметің кеңейтілген отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев ел азаматтары күн сайын 4 миллионнан астам транзакция жасайтынын және 37 млрд теңге жұмсайтынын жариялады.

"Көлеңкелі экономиканың көлемін азайту мақсатында қолға алынған шаралар нәтиже беріп, 2019 жылы қолма-қол ақшасыз төлем көлемі 2 есе артты. Халықтың күн сайын 4 миллионнан астам транзакция жасап, 37 млрд теңге жұмсайтыны анықталды. Алайда бұл қазына қаржысының еселенуіне айтарлықтай ықпал еткен жоқ. Үкіметпен және нарыққа қатысушылармен бірлесіп, қолма-қол ақшасыз төлем нарығын дамытудың келесі кезеңіне көшеміз. Бұл үшін нарыққа қатысушылардың перспективалық қажеттіліктерін ескеріп, қолданыстағы жоғары технологиялық және жалпыға қолжетімді төлем инфрақұрылымын жаңғырту бойынша жүйелі жұмыс жүргіземіз",– дейді Ерболат Досаев. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу