Қазақстандықтар биылдан бастап тегін тіркеле алады

952

Қазақстандықтар биылдан бастап тегін тіркеле алады

1 қаңтардан бастап Қазақстанда жаңа Салық кодексі күшіне енеді. Тың өзгерістерге сәйкес тұрғылықты мекенжай бойынша тіркеуге тұру үшін мемлекеттік баждан ұстап қалу қызметі тоқтатылмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осы уақытқа дейін бұл қызметтің бағасы 227 теңге (0,1 АЕК) тұрған болатын. Десе де шетелдік төлқұжат иелері үшін мемлекеттік баждың мөлшері екі есеге, нақтырақ айтқанда 4-тен 8 АЕК-ке артты. Бұдан былай оның бағасы 19 мың 240 теңге тұратын болады. 

Еске сала кетсек, ҚР президенті 2017 жылдың 25 желтоқсаны күні "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодекске қол қойған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу