Қазақстандықтар бизнеске емес, тұтынуға несие алуды жиілетті

1034

Бизнес-несиелер сегментінде көрсеткіштер 478,6 млрд теңгеге төмендеп, кәсіпкерлер алған жалпы қарыз сомасы 2,8 трлн теңгені құрады. 

Қазақстандықтар бизнеске емес, тұтынуға несие алуды жиілетті

Бір жылдың ішінде банктердегі несиелер көрсеткіші 5,7%-ға өскен. Осылайша, биылғы жылдың алғашқы тоғыз айында оның жалпы сомасы 13,4 трлн теңгеге жетті. Алайда банктерден нарықтың барлық сегменттері бірдей қарыз алмайтыны анықталды. Яғни, ең жоғары көрсеткіштер – 3,9 трлн теңге тұтынушылық несиелер саласында тіркелген. Бұл жалпы қарыз портфелінің 29,4%-ы (өткен жылдың сәйкес кезеңінде 25,7% болған ). 
Бұдан бөлек елімізде ипотекалық несиелер саны артып келеді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ипотекалық несиелердің жалпы сомасы 429,9 млрд теңгеге артып, 1,7 трлн теңгеге жетті. Бұл банктердегі несиелердің 13%-ы (өткен жылдың сәйкес кезеңінде 10,4% болған). 

Ал бизнес-несиелер сегментінде көрсеткіштер 478,6 млрд теңгеге төмендеп, кәсіпкерлер алған жалпы қарыз сомасы 2,8 трлн теңгені құрады. 

Ал ең сапалы несиелер – құнды қағаздар нарығында тіркелген. Бұл салада кешіктіріліп төленген несиелер бар болғаны 0,01%-ды құрады.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу