Қазақстандықтар бүгін көкпар, қазақ күресі және көкбөрі спортынан сайысқа түседі

952

Түркияның Изник қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойынында қазақстандық спортшылар бүгін, 2 қазанда қазақ күресі және көкпар, көкбөріден сайысқа түседі, деп жазады inbusiness.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Қазақстандықтар бүгін көкпар, қазақ күресі және көкбөрі спортынан сайысқа түседі

Қазақ күресінен ел құрамасынан ерлерден Мақсат Исағабылов (80 келіден жоғары), Еламан Қойшыбаев (80 келі), Марат Нығматуллаев (60 келі) бозкілемге шықса, әйелдерде Рауза Нұрмахамметова (55 келі), Зарина Сарипова Зарина (65 келі), Мөлдір Азамат (65 келіден жоғары) жүлделерді сарапқа салады.

Көкпардан ел құрамасы топтық кезеңде Өзбекстанды 8:1, Моңғолияны 12:2 есебімен жеңді.

Осылайша, финалға жолдама алды. Енді финалда олар Қырғызстан құрамасымен бас жүлдені сарапқа салады.

Аталған құрама сапында Ұлан Байтөреев, Абылайхан Нышанбеков, Құрманбек Тұрғанбек, Ынтымақ Әліпбаев, Құлажан Тоғайбаев, Бақытжан Әзімбай, Дәулет Айтан, Арман Жамалбеков, Есжан Құрманбай, Ислам Рәт, Айнабек Бердіқұл, Әділет Мамыт сынды спортшылар ел намысын абыроймен қорғауда.

Ал көкпардың қырғызстандық нұсқасы саналатын көкбөрү спортынан Қазақстан, Қырғызстан және Түркия сайысқа түсті.

Нәтижесінде бүгін, 2 қазанда финалда Қазақстан және Қырғызстан құрамалары кездесетін болды.

Аталған спорт түрінен ел құрамасы сапында Манарбек Дүйсенбиев, Абылай Қарқабат, Ернат Мәлімбай, Мәді Сейділлә, Бақытжан Сайдолданов, Тахир Жұмашев, Алмат Жүнісов, Ерғалым Жақсылық, Елдос Асыл, Темірлан Сейітбеков, Қайыржан Сүлейменов, Ернар Жарылқасын бар.

Еске салсақ, бұдан бұрын аталған додада Қанат Қасымхан дәстүрлі садақ атудан күміс алды.

Көшпенділер ойындарына әлемнің 102 елінен 3 мыңнан астам спортшы келді. Қазақстанның атынан 50 спортшы көкпар, көкбөрі, қазақ күресі, дәстүрлі садақ ату, жамбы атудан сынға түсуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу