Қазақстандықтар былтыр 3 млрд теңгеге VIP нөмір сатып алған

1387

Дегенмен бұл көрсеткіш 2018 жылмен салыстырғанда 0,5 млрд теңгеге төмен.

Қазақстандықтар былтыр 3 млрд теңгеге VIP нөмір сатып алған Фото: inform.kz

Қазақстанда VIP санатындағы көлік нөмірлеріне деген сұраныс төмендеді, деп хабарлады "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі.

2019 жылы ел азаматтары автоХҚО арқылы 3,018 млрд теңгеге 12 658 ерекше тіркеу нөмірін сатып алған. Бұл көрсеткіш 2018 жылмен салыстырғанда 0,5 млрд теңгеге төмен.

Себебі 2018 жылы қазақстандықтар 14 909 VIP санатты көлік нөмірі үшін 3,560 млрд теңге жұмсаған. Айта кетейік, ол уақытта мамандандырылған ХҚО-мен қатар ерекше нөмірлерді полицияның тіркеу-емтихан тапсыру бөлімдері де рәсімдейтін.

Бүгінде ерекше сандар мен әріптердің тізбегін көп сатып алатындардың көшін Алматы, Нұр-Сұлтан мен Шымкент қалаларының тұрғындары бастап тұр.

Көлік иелері жаңадан сатып алған темір тұлпарына ерекше нөмірлерді мамандандырылған ХҚО немесе egov.kz арқылы онлайн тіркеу барысында таңдай алады. Сондай-ақ егер азаматтың бұрыннан VIP-нөмірі болса, жаңадан алған көлігіне алты ай ішінде сол нөмірді қайта рәсімдеуге құқығы бар.

Естеріңізге сала кетсек көліктердің VIP санатындағы мемлекеттік тіркеу нөмірлері 2014 жылы сатылымға шығарылды. Сол уақыттан бастап қазақстандықтар қалауынша сандар тізбегін таңдап, бірдей әріптерге тапсырыс бере алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу