Қазақстандықтар былтыр шетелге 655,2 млрд теңге аударған

1253

Оның 208,8 млрд теңгесі Ресейге, 139,2 млрд теңгесі Өзбекстанға жіберілген.

Қазақстандықтар былтыр шетелге 655,2 млрд теңге аударған

Ranking.kz-тің ақпаратына сүйенсек, ақша аудару жүйелері арқылы қазақстандықтар жіберген барлық қаражаттың жартысынан көбі Ресей мен Өзбекстанға аударылған.

Қазақстан Республикасынан ақша аударымдары жүйесі арқылы шетелге жіберілген ақша көлемі 2019 жылы 655,2 млрд теңгені құрады. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 8,9%-ға көбірек.

Транзакциялардың саны 1,7%-ға, яғни 2,6 миллионға дейін азайып, бір аударымның орташа алғандағы чегі 224,9 мыңнан 249,1 мың теңгеге дейін артты.

Ақша аударымдары жүйесі арқылы шетелге кеткен ақшаның жалпы көлемінен 208,8 млрд теңге Ресейге жіберілген. Бұл осыдан бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 10,6%-ға аз.

Екінші орында Өзбекстан – 139,2 млрд теңге. Бұл көрсеткіш бойынша Өзбекстан мен Ресей Федерациясына аударылатын ақша көлемінің алшақтығы жылдам қысқаруда. Бір жылдың өзінде өсім 24,7%-ды құрады.

Ақша аударымдары жүзеге асырылатын елдердің ТОП үштігіне Түркия да кіреді. Ол елге 93,4 млрд теңге жөнелтілген. Бұл 2018 жылғы қаңтар-желтоқсанға қарағанда 32,8%-ға көп.

Ақша аудару жүйелері арасында "Золотая Корона" шетелге жіберілген ақша көлемі бойынша көшбасшы болып отыр. Бұл жүйе арқылы 480,8 млрд теңге аударылған, бір жылғы өсім - 20,6%. Жалпы көлемінің үлесі 66,2%-дан 73,4%-ға дейін өскен. Одан кейін Western Union (75,4 млрд теңге) және Contact (24,9 млрд теңге) келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу