Қазақстандықтар БЖЗҚ-дан 78 млрд теңгеге жуық қаражат алды

Оның басым бөлігі тұрғын үй жағдайын жақсартуға жұмсалды. 

Қазақстандықтар БЖЗҚ-дан 78 млрд теңгеге жуық қаражат алды Фото: gov.kz

Биылғы қаңтар-маусым айларында зейнетақы жинақтарынан алынған сома 77,6 млрд теңгені құрады. Бұл ретте 47,9 мың өтініш орындалды. 

Алынған қаражаттың басым бөлігі тұрғын үй жағдайын жақсартуға жұмсалды – 52,1 млрд теңге (67,1%). Оларды пайдаланудың негізгі жолы баспана сатып алу кезінде толық төлем болды – 37,4 млрд теңге.

Ем үшін 25,3 млрд теңге бағытталды.

Бұл ретте өтініштердің саны: тұрғын үй жағдайын жақсартуға – 26,6 мың (55,6%), емге – 21,2 мың (44,3%).

Тек 183 млн теңге (0,2%) басқарушы компанияларға аударылды. Орындалған өтінімдер саны – 77.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу