Қазақстандықтар цифрлық жеке куәлікті ішкі тұрақты рейстерде пайдалана алады

881

Қазақстан Республикасының барлық әуежайларында цифрлық құжаттар қызметі (eGov Mobile) енгізілді. Осы қызметтің арқасында ішкі рейстердегі жолаушылар жеке мәліметтерін растау үшін eGov Mobile қосымшасы арқылы цифрлық куәлігін көрсетуге мүмкіндік алды, деп хабарлайды inbusiness.kz ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандықтар цифрлық жеке куәлікті ішкі тұрақты рейстерде пайдалана алады

Әуежайда цифрлық жеке куәлікті пайдалану үшін eGov mobile-да авторландырылған пайдаланушы "цифрлық құжаттар" қызметіне кіріп, тізімнен жеке куәлікті таңдау қажет. Әуежайдың тіркеу тағанында, сондай-ақ ұшу алдындағы тексеруден өту кезінде сервисте жасалған QR-коды бар смартфонның экранын көрсету қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу