Қазақстандықтар дағдарысқа байланысты дәрігерге қаралуды азайтқан

916

Қазақстандықтар дағдарысқа байланысты  дәрігерге қаралуды азайтқан

Ұлттық экономика министрлігі  "2017 жылдағы Қазақстандағы халықтың тұрмыс сапасына" қатысты зерттеудің қорытындыларын жария етті, деп хабарлайды abctv.kz.
Ұлттық экономика министрлігінің зерттеушілері Қазақстан халқынан дағдарысқа орай неден бас тартуға тура келгенін сұраған. Анықтағандары шынында төбе шашты тік тұрғызады: бұл жерде бірінші орынға той-томалақ, қажетсіз ойын-сауық, шектен тыс салтанат бұйымдары шығуға тиіс еді, алайда сауалнамаға қатысқандар дәрігерге қаралуды азайтқандарын мәлімдепті.

"Үй шаруашылықтарында кездесетін мұқтаждықтардың түрлері (вопросы по испытываемым видам лишений) туралы сұрақтарға респонденттердің 36%-ы "ақылы дәрігердің қабылдауына төлем жасай алмайтындарын", 31,9%-ы "өмірлік маңызы бар дәрі-дәрмектерге қаражаты бола бермейтінін" көрсетті", – дейді ведомство.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу