Жылдың алғашқы жартысында өнер, сауық және демалыс секторында көрсетілген қызмет көлемі 137,56 млрд теңгеге жетті, деп хабарлайды naryk.kz.
Бұл өткен жылғы осы уақыттағы көрсеткішпен салыстырғанда 23% артық.
Соның ішінде 13%-ы (17,9 млрд тг) ауылдық жерлерге тиесілі.
Көрсетілген қызметтің үштен екісі сауық және спорттық қызметтерге тиесілі болса, 14,3%-ы өнер мен шығармашылық қызметтеріне тиесілі, 13,9%-ы кітапхана, музей және өзге де мәдени орындар қызметіне, тағы 5,7%-ы құмар және бәс тігу ойындарына тиесілі.
Айта кетерлігі, дәл осы құмар ойындар секторында көрсетілген қызмет көлемі былтырғыдан азайған. Ал қалған секторларда өсім бар.
Өңірлер бойынша көрсетілген қызметтің бестен бірі Астанаға тиесілі. Елордадағы көрсетілген қызмет былтырғымен салыстырғанда 43,1% ұлғайған. Екінші орындағы Алматы республикалық көрсеткіштің 18,6 пайызын иеленіп, былтырғыдан 18% көбейсе, үшінші орындағы Алматы облысындағы өсім 9,3 пайыз. Ал Республикалық үлесі 8,4%.