Жоспарлы техникалық жұмыстар сервистер мен жобалардың жұмысын жетілдіру мақсатында тұрақты түрде жүргізіледі. Осыған байланысты аталған уақыт аралығында кейбір цифрлық қызметтерде уақытша үзіліс болуы ықтимал, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"18 шілде күні сағат 21:00-ден бастап 19 шілде сағат 08:00-ге дейін "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ сүйемелдейтін жобалардың жұмысы уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін", – делінген хабарламада.
Ұйым өкілдері пайдаланушылардан уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, түсіністік танытқандары үшін алғыс білдірді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу