Қазақстандықтар Egov порталындағы заңдарға өз ұсыныстарын енгізе алады

Енді құжаттарды порталда көрсету кезінде НҚА-ны орналастырудың статусын көрсететін "Жоба" арнайы батырмасы пайда болды.  

Қазақстандықтар Egov порталындағы заңдарға өз ұсыныстарын енгізе алады Фото: egov.kz

Бұл ҚР Әділет министрлігі және ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінің бірлескен технологиялық шешімдерінің нәтижесінде жүзеге асырылды.

Мәселен бұған дейін "Ашық НҚА" порталында әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте жарияланған түзетулерде, жылдамдық режимін асырғаны үшін айыппұл мөлшерін ұлғайту ұсынылған.

Алайда, жұртшылық бұл мәселе халықпен жеткілікті деңгейде талқыланбағаны туралы сын айтқан.

Осыған байланысты порталға жаңа мүмкіндік енгізілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу