Бұл мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріндегі қате деректерді өзектендіруге және мемлекеттік қызметтерді еш кедергісіз алуға мүмкіндік береді.
Ақпаратты жаңартуға болады:
- отбасы (неке, туу, некені бұзу, бала асырап алу, әке болуды анықтау, Т. А. Ә. ауыстыру, қайтыс болу) туралы;
- вакцинация паспортында аймақ туралы;
- көлік туралы;
- міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүліктің кепілі туралы;
- әскери қызмет туралы;
- заңды тұлғаның және жылжымайтын мүлік объектілерінің атауы мен орналасқан жері туралы;
- білімі туралы (ЖОО және ТжКБ дипломдарының, аттестаттың деректері).
"Мәліметтер дұрыс болмаған кезде жекелеген кейстер орын алады, тиісінше, бұл мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігіне әсер етеді. Енді азаматтардың өмірін жеңілдету үшін біз мемлекеттік органдармен бірлесіп мәліметтерді түзетудің сегіз сервисін құрдық. Мысалы, егер сізде отбасы немесе білімі туралы ақпарат дұрыс болмаса, онда сіз өтініш бере аласыз, құжаттың түпнұсқасының фотосуретін немесе басқа қажетті ақпаратты қоса аласыз. Өтінім өңделеді және мәліметтерді тиісті мемлекеттік орган түзетеді", – деп атап өтті "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин.
Мәліметтерді түзету үшін міндетті жолақтарды толтыру, мәселені сипаттау, қажет болған жағдайда құжаттың көшірмесін тіркеу және қызметке қол қою қажет. Сондай-ақ, "түзету қызметтері" eGov Mobile мобильді қосымшасындағы басты бетте қолжетімді.