Қазақстандықтар ел ішіндегі сапарларға 659,2 миллиард теңге жұмсаған

134

Ұлттық статистика бюросы туристердің шығын көлемін жариялады.  

Қазақстандықтар ел ішіндегі сапарларға 659,2 миллиард теңге жұмсаған Фото: pixabay.com

Өткен жылы туристік сапарға шыққан азаматтар саны 11 771,4 мың адамды құрады. Оның ішінде республика шегінде 10 265,5 мың адам (87,2%), республикадан тыс жерлерге 1505,9 мың адам (12,8%) сапарға шыққан, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сапарлардың 94,1%-ы жеке мақсатта жасалған. Іскерлік сапарлар үлесі – 5,9%. Ең көп келуші тіркелген өңірлердің қатарында Астана қаласы, Түркістан облысы, сондай-ақ Алматы қаласы, Алматы және Қарағанды облыстары бар.

Ел ішінде сапарлағандар жеке меншік автокөлігін (36,1%) және теміржол көлігін (26,4%), ал сырт елге барушылар – әуе көлігін (55,7%) таңдаған.

2025 жылы туристік сапарға шыққандардың ақшалай шығыстары 1 134,2 млрд теңгені құрады, оның ішінде ел ішінде сапарлағандардікі – 659,2 млрд теңге (58,1%).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу