Қазақстандықтар енді ХҚО қызметкерлерін үйлеріне шақыра алады

185

Пилоттық жоба Қазақстанның барлық аймақтарында іске қосылды.

Қазақстандықтар енді ХҚО қызметкерлерін үйлеріне шақыра алады Фото: qazdauiri.kz

Қазақстанда енді халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлерін енді үйден шықпай-ақ алуға болады. Себебі орталықтың қызметкерін үйіңізге шақыратын жаңа қызмет іске қосылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

"Қазақстандықтар енді мемлекеттік қызметтерді алу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына бармаса да болады. Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерін үйіңізге шақыратын жаңа қызмет іске қосылды. Маман көрсетілген мекенжай бойынша белгіленген уақытта келе алады. Төлқұжат, жеке куәлік, жүргізуші куәлігін алудан басқа кез келген мемлекеттік қызметтерді енді үйіңізде отырып ала аласыз", – делінген ақпаратта.

ХҚО қызметкерін үйге шақыру үшін мемлекеттік корпорацияның ресми сайтында "Жеке тұлғалардың үйдегі менеджері” батырмасын басып, қажетті ақпаратты толтырсаңыз жеткілікті. Сондай-ақ, 1414 телефонына хабарласу арқылы да қызметкерді үйіңізге шақыра аласыз.

"Мемлекеттік корпорация қызметті жақсарту үшін тұрақты түрде жұмыс істеп жатыр. Біз осыған дейін де халыққа қызмет көрсету орталықтарында кезек күтпей қызмет алу тетігін ұсынған болатынбыз. Енді, орталықтардың қызметкерлері қызмет алушының өзіне барады. Бұл уақыты тығыз адамдар үшін өте ыңғайлы", – деп атап өтті “Азаматтарға арналған үкімет" басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу