Қазақстандықтар енді пойыздардың қозғалысын онлайн бақылай алады

181

Аталған сервис жолаушылар ағыны көп кезеңдерде өте тиімді.    

Қазақстандықтар енді пойыздардың қозғалысын онлайн бақылай алады Фото: rail-news.kz/kz

Елімізде жолаушылар енді пойыздардың қозғалысын онлайн режимде бақылай алады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ҚТЖ мәліметінше, вокзалға бармас бұрын жолаушылар пойыздың нақты қай жерде келе жатқанын алдын ала тексере алады. Ол үшін арнайы tablo-railways.kz сайтындағы "Пойыздар қозғалысының онлайн-таблосы" сервисі іске қосылған.

Онлайн-табло жолаушылар пойыздарының қозғалысын нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік береді. Қызмет арқылы картадан пойыздың қазіргі орнын көруге, келу және жөнелту уақытын нақтылауға, маршруттағы станциялар тізімімен танысуға, аялдау ұзақтығын және соңғы станцияға жетудің болжамды уақытын білуге болады.

Қызметті пайдалану үшін tablo-railways.kz сайтына кіріп, қажетті пойызды таңдау жеткілікті.

Онлайн-табло жүйесі жолаушылар пойыздарына орнатылған GPS-трекерлердің деректері негізінде жұмыс істейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу