Енді төлқұжат пен жеке куәлікті терминалдар арқылы алуға болады

224

Қызметті 28 тамыздан бастап пайдалануға болады.  

Енді төлқұжат пен жеке куәлікті терминалдар арқылы алуға болады Фото: Оңалхан Өнерхан

"Әділет" АҚЖ сайтында Цифрлық даму министрлігі мен Ішкі істер министрлігінің бірлескен бұйрығы жарияланды. Онда "Биометриялық құжаттау терминалы" кешенін пайдалана отырып, Қазақстан азаматтарына төлқұжат пен жеке куәлік беру бойынша пилоттық жоба туралы айтылған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұйрықта көрсетілгендей, қазақстандықтар төлқұжат пен жеке куәлікті арнайы терминалдар арқылы ресімдей алады. Бұл тәсіл кезек күтуді және көші-қон қызметінің мамандарына жүгінуді қажет етпейді.

Терминалдар Астана, Алматы, Шымкент қалаларындағы, облыс орталықтарындағы және Байқоңырдағы "Азаматтарға арналған үкімет" фронт-офистерінде орнатылады.

"Жеке куәлік бойынша құжаттау тек оның қолданылу мерзімі өткен жағдайда ғана жүзеге асырылады. Қызмет жеке куәліктің қолданылу мерзімі аяқталуына 30 немесе одан аз күн қалғанда немесе мерзімі 10 күнтізбелік күннен аспайтын уақыт өткен жағдайда ғана көрсетіледі.

Құжаттаудың басқа себептері бойынша қызмет электрондық үкімет порталы және мобильді қосымшалар арқылы көрсетілмейді. Бұл жағдайда қызмет алушыға "ресімдеу қолжетімді емес, ХҚКО-ға жүгініңіз" деген хабарлама келеді", – делінген құжатта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу