Егер азамат бұрын жеке деректерін өңдеуге келісім берген болса, енді оны онлайн режимде қайтарып ала алады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.
"Егер заңда келісім беруге болатындығы белгіленсе, заң азаматтың келісімін қайтарып алуға құқылы екенін белгілейді. Енді қазақстандықтар электрондық үкімет порталы арқылы өзінің жеке деректерін өңдеуден бас тарту туралы өтініш беруге құқылы", – деді Руслан Әбдіқалықов.
Оның сөзінше, азаматтардан жеке мәліметтерді өңдеу және сақтауға қарсылық білдіретіні туралы түрлі шағымдар келеді.
"Азаматтардан жеке мәліметтерді өңдеу және сақтауға қарсылық білдіретін шағымдар жиі түседі. Үкімет пен депутаттардан сақтау мерзімдері бойынша шараларды нақты қабылдау туралы құзыретіміз бар ма, жоқ па нақтылап сұрауымыз қажет", – деді Руслан Әбдіқалықов.
Заң бойынша сақтандыру компаниясы көлікті сақтандыру шартын 1 жылға жасайды және одан кейін 5 жыл бойы азаматтың мәліметтерін сақтауға міндетті. Демек, сақтандыру компаниясы ең көбі 6 жыл бойы жеке деректерге қол жеткізуді сұрай алады. Ал заңда жеке мәліметтерді сақтау мерзімін асырғаны үшін жаза қарастырылмаған. Комитеттің бұл мерзімдерге ықпал ету құзыреті жоқ.