Қазақстандықтар ерікті зейнетақы жарналарына басымдық бере бастады

1375

Бір жыл ішінде оның мөлшері бірден 68%-ға өсті.

Қазақстандықтар ерікті зейнетақы жарналарына басымдық бере бастады

2021 жылдың сәуіріндегі жағдай бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында (БЖЗҚ) 11,5 млн зейнетақы шоты ашылған.  Бір жыл ішінде олардың саны 9%-ға артты.  Депозиттердің барлық түрлерінде, соның ішінде ерікті зейнетақы жарналарында өсім байқалады, деп деп хабарлайды inbusiness.kz ranking.kz-ке сілтеме жасап.

Мәселен, биылғы жылдың наурыз айының соңына қарай зейнетақы жинақтарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шоттарының саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 44,6 мың немесе 8,7%-ға өсті (былтыр наурызда 41 мың шот болатын). Соңғы үш жылда көрсеткіш орта есеппен жылына 9,7% өсіп отырды.  

Ерікті зейнетақы жарналары – бұл БЖЗҚ салымшыларының жеке бастамалары бойынша салған қаражаттары.  Сонымен қатар жарналардың мөлшері мен кезеңін салымшылар дербес анықтайды. Бұған қоса елімізде ерікті жарналарды есепке алу үшін жеке зейнетақы шотын ашу қызметі едәуір жеңілдетілді: қазір 
ЖЗШ ашу үшін қазақстандықтарға БЖЗҚ-ға барудың қажеті жоқ. 

Биылғы жылдың 1 мамырынан бастап ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу үшін шот ашу автоматты түрде жүзеге асырылады. 

Ерікті зейнетақы жарналары 2018 жылдан бастап сұранысқа ие бола бастады.  Сонымен, бір жыл ішінде (01.04.2020 бастап 04.01.2021 дейін) БЖЗҚ-дағы оның көлемі 68%-ға өсіп, 162,8 млн теңгені құрады.  2020 жылы олардың жалпы көлемі рекордтық 538,7 млн теңгеге жетті, бір жыл ішінде 51,2% өсті.  2021 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша БЖЗҚ салымшыларының шоттарында ерікті жарналар үшін 2,2 млрд теңге сомасында зейнетақы жинақтары қалыптасты. Бір жыл ішінде, яғни, 20.02.2020 мен 04.02.2021 аралығында сома шамамен 8,2% артқан. Ел тұрғындарының аталған жинақ түріне күннен күнге қызығушылығы артып келеді, бұл олардың артықшылықтарымен байланысты.  Ерікті жарналар арқылы жинақталған ақшаны зейнет жасына дейін алуға болады.

Ерікті зейнетақы жарналары есебінен БЖЗҚ-дан төлемдерді келесі адамдар ала алады:
 1) елу жасқа толған;
 2) мүгедектер;
 3) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұруға кететін немесе шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған, кету ниетін немесе фактісін растайтын құжаттарды ұсынған;
 4) БЖЗҚ-дағы кем дегенде бес жыл ішінде ерікті жарна мөлшеріндегі зейнетақы жинақтары және олар бойынша есептелген инвестициялық кірістері бар.

Ал салымшы қайтыс болған жағдайда, жинақ заңмен белгіленген тәртіпте мұраға қалдырылады.  Сондай-ақ, бұл зейнетақы өнімі жақын туысының немесе баласының материалдық капиталын толтырғысы келетіндер үшін ұтымды.
Айта кететіні, жуырда БЖЗҚ корпоративтік веб-сайтында зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініштер түрлері кеңейтілді. Енді өтінімді онлайн түрде электрондық цифрлық қолтаңба арқылы беруге болады.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу